Түркияда мұнай өндіру жұмыстары жалғасуда

Шырнактың Габар таулы аймағында күнделікті мұнай өндіру 35 мың баррельмен рекорд жасады.

2093842
Түркияда мұнай өндіру жұмыстары жалғасуда

Түрік мұнай корпорациясының (TPAO) әлеуметтік медиа аккаунтында жасалған мәлімдемеде «Шырнақ Габар таулы аймағында жаңадан бұрғыланған ұңғымалармен бірге барлығы 28 ұңғымада күнделікті 35 мың 61 баррель мұнай өндіру деңгейіне жеттік. 2024 жылдың соңына дейін мақсатымыз тәулігіне 100 мың баррель мұнай. Ұлтымыздың қолдауымен алға қойған мақсаттарымыз бірінен соң бірі жүзеге асып жатыр. Энергиядан тәуелсіз Түркия жолында табандылықпен жұмысымызды жалғастырудамыз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар