Түркияның машина экспорты артты

Түркияның машина экспорты қаңтар-қараша кезеңінде 25,8 миллиард долларға жетті.

2078925
Түркияның машина экспорты артты

Машина экспорттаушылар қауымдастығының мәлімдемесіне қарағанда Түркияның еркін аймақтарды қосқанда жалпы машина экспорты биылғы жылдың 11 айында өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 8,5 пайыз артып, 25,8 миллиард долларға жетті.

Германия, Ресей, Америка Құрама Штаттары, Италия, Ұлыбритания, Франция және Испаниядан тұратын алғашқы 7 нарыққа сектордың жалпы сатылымы 17 пайызға өсіп, 10 миллиард доллардан асты.



Ұқсас жаңалықтар