Түркияның теңіз ұлуы экспорты артты

Түркияның 11 айлық теңіз ұлуы экспорты 20,5 миллион доллардан асты.

2077976
Түркияның теңіз ұлуы экспорты артты

Шығыс Қаратеңіз экспорттаушылар қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары Ахмет Хамди Гүрдоған қаңтар-қараша айларында Түркиядан 1873 тонна теңіз ұлуының экспортталғанын айтты.

Аталмыш экспорттан 20 миллион 555 мың 659 доллар кіріс алынғанын білдірген Гүрдоған «Өткен жылдың бірдей кезеңінде 1836 тоннадан 15 миллион 478 мың 635 доллар кіріс түсті. Соған сәйкес Түркияның 11 айлық теңіз ұлулары экспорты саны жағынан 2 пайызға, табыс бойынша 33 пайызға өсті» деді.

Гүрдоған теңіз ұлуларының осы кезеңде Түркиядан 10 елге сатылғанын түсіндірді.

былай деп жалғастырды:

Гүрдоған «Оңтүстік Корея Республикасы 10 миллион 507 мың 780 доллармен теңіз ұлуларын ең көп экспорттаған ел болды. Бұл елден кейін 3 миллион 339 мың 944 доллармен Қытай Халық Республикасы, 2 миллион 710 мың 11 доллармен Испания болды».



Ұқсас жаңалықтар