Түркияда орман жаңғағы экспорты өсті

Трабзон жылдың алғашқы 11 айында орман жаңғағы экспортынан 479 миллион 942 мың 676 доллар табыс тапты.

2076225
Түркияда орман жаңғағы экспорты өсті

Қаратеңіз Орман жаңғағы және өнімдері экспорттаушылар қауымдастығы мәлімдеме жасады.

Шығыс Қаратеңіз Орман жаңғағы өнімдері секторы комитетінің төрағасы Мехмет Джирав өңірден осы жылдың алғашқы 11 айында 75 мың 743 тонна орман  жаңғағының экспортталғанын айтты.

Аталмыш  экспорттан 479 миллион 942 мың 676 доллар табыс тапқанын айтқан Джирав осы кезеңде жаңғақтың 58 елде сатып алушы тапқанын білдірді.

Джирав ең көп орман жаңғағы экспорттаған үш елдің Италия, Германия және Польша екенін түсіндірді.  

Трабзон жылдың алғашқы 11 айында орман жаңғағы экспортынан 479 миллион 942 мың 676 доллар табыс тапты.



Ұқсас жаңалықтар