Габарда мұнай өндірісі

Шырнактағы Габар тауында күнделікті мұнай өндірісінің 25 мың баррельге жеткенін білдірді.

2054635
Габарда мұнай өндірісі

Түркия Мұнайы акционерлік серіктестігі TPAO Шырнактағы Габар тауында күнделікті мұнай өндірісінің 25 мың баррельге жеткенін білдірді.

Серіктестік «Энрегияда тәуелсіз Түркия» деген мақсатымызға қарай қызыл туымыздың көлеңкесінде тау-тас, күндіз-түні деместен жұмыстанып жатырмыз» деп мәлімдеме жасады.

Габар жобасында мұнай өндірудің 25 мың баррельге жеткені айтылған мәлімдемеде TPAO бас директоры Мелих Хан Билгиннің мына сөздеріне орын берілді: «Еліміздің экономикасы және мекемеміз үшін үлкен құндылық өндіріп жатырмыз. Жылдың аяғына дейін мақсатымыз - Габар жобасынан күнделікті өндірісті 35 мың баррельге жеткізу. 2024 жыл үшін мақсатымыз – 100 мың баррель өндіру. Осы мақсатқа жету үшін бар күшімізбен жұмыс істеп жатырмыз»



Ұқсас жаңалықтар