Австрияның Түркияға экспорты артады

Австрия премьер-министрі Карл Нехаммер «Австрияның Түркияға экспорт деңгейін арттырғымыз келеді» деді.

2048964
Австрияның Түркияға экспорты артады

Ел астанасы Анкарада өткен «Түркия-Австрия Іскерлік кеңесі дөңгелек үстел отырысы» алдындағы баспасөз мәслихатына Австрия премьер-министрі  Карл Нехаммер, Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр, Австрия Еңбек және экономика министрі Мартин Кохер, лауазым иелері және көптеген іскерлер қатысты.

Премьер-министр Нехаммер Австрия мен Түркия арасындағы қарым-қатынастар тарихының тереңге барып тірелгенін еске салып, Түркия сапарының өзі үшін ерекше екенін түсіндірді.

Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толуымен құттықтаған Нехаммер Түркия мен Австрия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың бірінші ғасырының келер жылы тойланатынын атап өтті.

Өзара қою қарым-қатынастарға назар аударған Нехаммер: «Түркия біз үшін өте маңызды серіктес. Біз Австрияның (Түркияға) экспорт деңгейін арттырғымыз келеді. Өткен жылы бұл көрсеткішті 20 пайызға арттырдық және осы таңда  4,6 миллиард  еуродан сөз қозғап отырмыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар