Түркия экспорты өсуде

Сауда министрі Өмер Болат экспорттың қыркүйек айында  22 миллиард 670 миллион долларға жеткенін айтты.

2046216
Түркия экспорты өсуде

Сауда министрі Өмер Болат Түркия Экспортшылар Мәжілісі тарапынан Улудаг экспорттаушылар қауымдастығында өткізген жиында қыркүйек айының сыртқы сауда көрсеткіштеріне тоқталды.

Болат экспорттың қыркүйек айында  22 миллиард 670 миллион долларға жеткенін айтты.

Өмер Болат «Біз Түркия Республикасы тарихындағы қыркүйек айындағы ең жоғары экспортқа қол жеткіздік. Сіздерді үлкен табыспен  құттықтаймыз. Шілдедегі экспорттық көрсеткішіміз (20,3 миллиард доллар) тағы да Республика тарихындағы ең жоғары көрсеткіші болды. Тамызда (21,6 миллиард доллар) болды. Бұл  да біздің Республика тарихындағы ең жоғарғы санақ еді» деді.

Болат бұл маңызды жетістік екенін түсіндіріп, «Әлемдік конъюнктураға және Түркиядағы кейбір табиғи апаттардың болымсыз әсерлеріне қарамастан 3 айдан бері экспортымыз  үздіксіз өсуде.  Бұған өте ризамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар