Еуропа Одағы Батыс Балқанды өз  нарығына жақындатқысы келеді

Урсула фон дер Ляйен Словакияда өткен Братислава жаһандық қауіпсіздік форумында сөз сөйледі.

1993545
Еуропа Одағы Батыс Балқанды өз  нарығына жақындатқысы келеді

Еуропа Одағы Батыс Балқанды өз  нарығына жақындатуды, экономикалық интеграцияны тереңдетуді және аймаққа берілетін қаржыны ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Еуропа Одағы комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен Словакияда өткен Братислава жаһандық қауіпсіздік форумында сөз сөйледі.

Батыс Балқан үшін жаңа өсу жоспарын дайындағандарын айтқан Урсула фон дер Ляйен аймақтың ілгерілеуін жеделдетіп, аймаққа Еуропалық Одағы  мүшелігінің кейбір артықшылықтарын әкелгісі келетіндерін білдірді.

Урсула фон дер Ляйен «Біз бүгін ұсынып отырған өсу жоспары 4 негізгі тақарыптан құрылған: Батыс Балқан елдерін Еуропа Одағының Бірыңғай нарығына жақындату, аймақтық экономикалық интеграцияны тереңдету, іргелі реформаларды жеделдету және қосылу алдындағы қорларды ұлғайту» деген сөздер қолданды.

Урсула фон дер Ляйен «Біздің ортақ мақсатымыз--Батыс Балқан елдерінің Еуроодақ сапарын жеделдету. Бұл үшін біз одақты Батыс Балқанға жақындатамыз» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар