Дүниежүзілік банк Түркия экономикасын жақсы бағалады

Дүниежүзілік банк рапортында түрік экономикасының биылғы жылы 3.2 пайыз, келер жылы 4.3 пайыз өсетіні атап өтілді.

1971373
Дүниежүзілік банк Түркия экономикасын жақсы бағалады

Дүниежүзілік банк Түркия экономикасының биылғы өсу болжамын 2.7 пайыздан 3.2 пайызға көтерді.

Банк Еуропа және Орталық Азия аймағы үшін әзірлеген "Экономикалық жаңарту" есебінде түрік экономикасына қатысты болжамдар да орын алды.

Рапортта түрік экономикасының биылғы жылы 3.2 пайыз, келер жылы 4.3 пайыз өсетіні атап өтілді.

Дүниежүзілік банк қаңтар айындағы болжамдарында түрік экономикасының 2023 жылы 2.7 пайыз, 2024 жылы 4 пайыз өсетінін болжаған болатын.

Рапортта түрік экономикасының 2025 жылы 4.1 пайыз өсетіні атап өтілді.

Рапортта Түркияда 6 ақпанда болған жер сілкіністерінің шамамен 34.2 миллиард доллар шығын әкелгені, бұл елдің 2021 жылғы жалпы ішкі өнімнің 4 пайызына сәйкес келетіні білдірілді.

Рапортта барлық жақсарту және қалпына келтіру жұмыстарының нақты құны тікелей зияннан екі есе көп болуы мүмкін және мемлекет тарапынан үй шаруашылықтарына және жүргізіліп жатқан қайта құру жұмыстарына инвестициялар салудың нәтижесінде өсу қарқыны 2024-2025 жылдары орта есеппен 4.2 пайызға дейін өсетіні межеленгені хабарланды. 



Ұқсас жаңалықтар