Мұнай өндірісін қысқартады

ОПЕК елдері мұнай өндіруді қысқартады.

1968897
Мұнай өндірісін қысқартады

Сауд Арабиясы, Ирак, Алжир, Оман, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) және Кувейттің мамыр айынан бастап мұнай өндіруді қысқартуға шешім қабылдағаны білдірілді.

Алжир Энергетика министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Алжирдің күнделікті мұнай өндірісін 48 мың баррельге «ерікті түрде» қысқартуға шешім қабылдағаны айтылды. Мәлімдемеде Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК)+ елдерімен келісе отырып, мамыр айынан жыл соңына дейін ерікті түрде жасалатын бұл қысқартудың 2022 жылдың қарашасында қабылданған қысқарту шешіміне байланысты екені баса айтылды.

Сауд Арабиясының ресми агенттігі «SPA» Энергетика министрлігінің дереккөздеріне сүйене отырып, ОПЕК+ елдерімен келісім шеңберінде мамыр айынан жыл соңына дейін күнделікті мұнай өндіруді 500 мың баррельге қысқартуға шешім қабылданғанын хабарлаған.

Оманның Энергетика министрлігі де өзінің Twitter-дегі парақшасында мамыр айынан бастап жылдың соңына дейін мұнай өндірудің тәулігіне 40 мың баррельге қысқартылатынын хабарлады.

Ирак 211 ​​000 баррель, БАӘ 144 000 және Кувейт 128 мың баррель қысқартатынын мәлімдеді.

Ресей де мұнай өндіруді тәулігіне 500 мың баррельге қысқартатынын мәлімдеді.

Осы шешімдермен ОПЕК+ елдері мамыр айынан бастап тәулігіне 1 миллион баррельден астам қысқартады.

ОПЕК+ елдері 2022 жылдың 5 қазанындағы отырысында 2022 жылдың қарашасынан бастап күнделікті мұнай өндіруді тәулігіне 2 миллион баррельге азайту туралы шешім қабылдаған болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар