«McDonald's» уақытша жабылды

Компанияның қызметкерлердің жұмысын тоқтатуға дайындалып жатқаны айтылды.

1969018
«McDonald's»  уақытша жабылды

«McDonald's» жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар желісі осы аптада Америка Құрама Штаттарындағы кеңселерін уақытша жауып, қызметкерлердің жұмысын тоқтатуға дайындалып жатқаны айтылды.

«Жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар желісі өткен аптада американдық және кейбір халықаралық қызметкерлеріне электронды пошта арқылы дүйсенбіден сәрсенбіге дейін үйден жұмыс істеуді сұрады» деп хабарлады Wall Street Journal.

Хабарда компания өз қызметкерлерінен бас кеңседегі сатушылармен кездесулерін және басқа барлық бетпе-бет кездесулерді тоқтатуды сұрағаны туралы хабарланған. Бұл электрондық поштада компания көлеміндегі лауазымдар мен қызметкерлерге қатысты маңызды шешімдердің осы аптада білдірілетіні айтылғанымен, қанша адамның жұмыстан босатылатыны туралы ақпарат жоқ.

«McDonald's» бас директоры Крис Кемпчински қаңтарда жасаған мәлімдемесінде компанияның кейбір қызметкерлерін жұмыстан шығару жоспарланғанын айтқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар