Су өнімдері экспорты артты

Ресей, Италия және Ұлыбритания су өнімдері ең көп экспортталған елдер болды.

1934088
Су өнімдері экспорты артты

Өткен жылы Түркия 96 елге  әртүрлі су өнімдерін сатты.

Шығыс Қаратеңіз экспорттаушылар қауымдастығының деректеріне сәйкес 2022 жылы 245 мың 760 тонна су өнімдері экспортталып, нәтижесінде 1 миллиард 604 миллион 971 мың 300 доллар табыс түсті.

Сәйкесінше 236 мың 83 тонна балық өнімдерінен 1 миллиард 376 миллион 546 мың 85 доллар табыс келген 2021 жылмен салыстырғанда экспорт сан жағынан 4 пайызға, құндық жағынан 17 пайызға өсті.

Ресей, Италия және Ұлыбритания су өнімдері ең көп экспортталған елдер болды.

Осы сала алдағы жылдарға да үлкен үміт артуда.



Ұқсас жаңалықтар