2022 жылы хамса балығы экспорты артты

Франция, Бельгия және Америка Құрама Штаттары ең көп экспорт жасалған ел болды.

1931348
2022 жылы хамса балығы экспорты артты

Өткен жылы Түркиядан 11 миллион 137 мың 463 долларға 26 елге хамса балығы экспорт етілді.

Шығыс Қаратеңіз Экспорттаушылар қауымдастығының деректерінен жасалған жинаққа қарағанда 2022 жылы экспортталған хамса балығы мөлшері 2 мың 102 тоннаға жетті.

Хамса балығы экспортынан 11 миллион 137 мың 463 доллар кіріс кірді.

Ең көп экспорт жасаған 3 ел Франция, Бельгия және Америка Құрама Штаттары (АҚШ) болды.

Былтыр Францияға 4 миллион 435 мың 719 долларлық, Бельгияға 3 миллион 626 мың 812, АҚШ-қа 905 мың 128 долларлық хамса балығы сатылды.

Сонымен бірге өткен жылы бұрынғы жылдардан өзгеше Қазақстан, Сирия және Кения елдеріне де хамса балығы экспорт етілді. 



Ұқсас жаңалықтар