Каппадокияда турист рекорды
Каппадокиядағы мұражайлар мен жәдігерлерді 4 миллион 192 мың 70 турист тамашалады.
1926790
Өткен жылы Каппадокиядағы мұражайлар мен жәдігерлерді 4 миллион 192 мың 70 турист тамашалады.
Невшехир губернаторлығы таратқан мәліметтерге қарағанда, Гөреме Ашық аспан астындағы мұражай 1 миллион 63 мың 517 келушімен ең көп туристі тартқан жер болса, одан кейін 995 мың 891 адаммен Зельве қирандылары және 736 мың 82 туристпен Хажы Бекташ Вели мұражайы келеді. Аймақ 2022 жылы 4 миллион 192 мың 70 туристті қабылдады.
Каппадокиядағы мұражайлар мен жәдігерлерді 2019 жылы 3 миллион 834 мың 134 турист, 2020 жылы 992 мың 620 турист, 2021 жылы 2 миллион 285 мың 895 турист аралаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Болат Еуроодақтың Түркиямен сауданы арттырғысы келетінін айтты
Сауда министрі Өмер Болат бас қала Анкарада Еуроодақ-Түркия қарым-қатынастарын бағалады.