Ресей азық-түлік және тыңайтқыш жайлы жаңа бір қадам басты

Жаһандық азық-түлік дағдарысын шешу үшін жүзеге асырылған астық жөнелту келісіміне 22 шілдеде Стамбулда қол қойылған еді.

1920758
Ресей азық-түлік және тыңайтқыш жайлы жаңа бір қадам басты

Ресейдегі сақтандыру компанияларының азық-түлік пен тыңайтқыш экспорты бойынша дос емес Батыс елдеріндегі сақтандыру компанияларымен келісім-шартқа отыруына тыйым салынды.

Ресей президенті Владимир Путин қол қойған жарлықпен әсіресе Қаратеңіз астық дәлізі келісімінің ресейлік азық-түлік және тыңайтқыш экспортшылардың сақтандыру қызметтеріне оңай қол жеткізуі көзделуде.

Жаһандық азық-түлік дағдарысын шешу үшін Анкараның үйлестіруімен жүзеге асырылған астық жөнелту келісіміне Украина, Ресей, Түркия және Біріккен Ұлттар Ұйымы арасында президент Режеп Тайып Ердоғанның қамқорлығымен 22 шілдеде Стамбулда қол қойылған еді.

Түркияның үйінде болған төрт жақты келіссөздер нәтижесінде келісім 19 қарашадан бастап 120 күнге ұзартылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар