Анталияға 13 миллионнан астам турист келді
Анталияға әуе жолы арқылы келген турист саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 48 пайыз артумен 13 миллион 138 мың 88 кісіге жетті.
Жылдың алғашқы 11 айында Анталияға әуе жолы арқылы келген турист саны 13 миллион 138 мың 88 адамға жетті.
Теңізімен, құмымен, күнімен, тарихи-мәдени құрылымдарымен, көне қалаларымен, табиғи сұлулығымен, салауатты және қауіпсіз туризм қызметімен туристерді қызықтыратын Анталияда әртүрлі елдерден келген қонақтар демалыс шарттарына тәнті болуда.
Уәлаят Мәдениет және туризм басқармасының мәліметтеріне қарағанда 1 қаңтар мен 30 қараша аралығында қалаға әуе жолы арқылы келген турист саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 48 пайыз артып, 13 миллион 138 мың 88 кісіге жетті.
Қалаға ең көп турист жіберген елдердің басында Ресей, Германия, Ұлыбритания, Польша және Голландия бар.
Сонымен бірге туризмде рекордтар жаңарған 2019 жылдың қараша айында 335 мың қонақты күтіп алған Анталияға биылғы жылдың ұқсас мезгілінде 394 мың 791 турист келді.
Ұқсас жаңалықтар
Болат Еуроодақтың Түркиямен сауданы арттырғысы келетінін айтты
Сауда министрі Өмер Болат бас қала Анкарада Еуроодақ-Түркия қарым-қатынастарын бағалады.