Стамбулға қыркүйекте келген турист саны 64 пайыз артты

Қыркүйекте Стамбулға келген 170 мың 230 адаммен ресейліктер бірінші орынды иеледі. Қазақстаннан 31 мың 78 турист келді.

1899595
Стамбулға  қыркүйекте келген турист саны 64 пайыз артты

Қыркүйек айында Стамбулға келген турист саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 64 пайыз артып, 1 миллион 607 мың 45 кісіге жетті.

Уәлаят мәдениет және туризм басқармасының мәліметіне қарағанда биылғы жылдың 9 айында қалаға 11 миллион 787 мың 834 турист келген.

Стамбулға қыркүйекте 1 миллион 607 мың 45 турист келді. Өткен жылдың ұқсас айында 975 мың 916 турист келген болатын.

Қыркүйек айында келген турист саны 2021 жылдың ұқсас айымен салыстырғанда 64 пайыз артты.

Қыркүйек айында Стамбулға келген туристер арасында 170 мың 230 адаммен ресейліктер бірінші орынды иеледі.

Германия 114 мың 439 туристпен екінші, Иран 110 мың 539 туристпен үшінші, АҚШ 77 мың 39 туристпен төртінші және Ұлыбритания  58 мың 28 туристпен бесінші орынды иеледі.

Сауд Арабиясы 53 мың 804 турист, Ирак 50 мың 244 турист, Франция 42 мың 798 турист жолдады.

41 мың 177 туристпен Израиль, 34 мың 282 туристпен Кувейт, 33 мың 969 туристпен Иордания, 33 мың 277 туристпен Италия, 33 мың 277 туристпен Өзбекстан, 31 мың 140 туристпен Әзербайжан, 31 мың 78 туристпен Қазақстан келесі орындарды иеледі..



Ұқсас жаңалықтар