Түркияға Еуропадан өнім сұраныстары артуда

Еуропада металл және машина жасау саласындағы әртүрлі секторлар сұраныстарын Түркияға ауыстыра бастады.

1895494
Түркияға Еуропадан өнім сұраныстары артуда

Еуропадағы соңғы энергетикалық дағдарысқа байланысты өнім жеткізуде қиындықтарға тап болған кейбір елдер әсіресе металл және машина жасау саласындағы әртүрлі секторлар тапсырыстарын  Түркияға ауыстыра бастады.

OSTİM Организация өнеркәсіп аймағы өнеркәсіпшілері, іскерлері және басшылары қауымдастығының төрағасы Левент Чамур Ресей мен Украина арасында 24 ақпанда басталған соғыстың әсіресе Еуропада энергетикалық дағдарысқа себеп болғанын айтты.

Еуропадағы зауыттардың энергия шығындары аталмыш проблемаға байланысты шамамен 10 есе өскенін айтқан Чамур темір, болат, алюминий және мырыш түріндегі өнімдерді өндірушілердің қызметін жалғастыруда қиындықтарға тап болғанын білдірді.

Энергия дағдарысына байланысты Еуропадағы өндіріс тапшылығының Түркияға тапсырыстардың ауысуына себеп болғанын атап көрсеткен Чамур:

"Әсіресе металл және машина жасау қатарлы бірнеше сектор еуропалық нарықтан өнім алуда қиыншылық көруде. Әсіресе Таяу Шығыс пен Африка елдері осы секторлардаТүркияға беталуда" деді.



Ұқсас жаңалықтар