Ресейліктер Түркиядан 9 мың 311 үй сатып алды

Шетелдіктерге қаңтар-қыркүйек аралығында жылдық көрсеткіште 32.5 пайыздық артумен 49 мың 644 үй сатылды.

1893021
Ресейліктер Түркиядан 9 мың 311 үй сатып алды

Ресейдің Түркиядағы тұрғын үй инвестициясы жылдың алғашқы 9 айында 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 199 пайызға артып, 9 мың 311 үйге жетті.

Ел көлемінде шетелдіктерге баспана сату қаңтар-қыркүйек аралығында жылдық көрсеткіште 32.5 пайызға артып, 49 мың 644 үйге жетті.

Жылдың алғашқы 9 айында ең көп тұрғын үй сатылған облыс 19 мың 594 үймен Стамбул болды.

Еліміз бойынша шетелдіктерге сатылған әрбір 100 үйдің шамамен 40-ы ірі қалаларда сатылғаны байқалды.

Стамбулдан кейінгі орынды  14 мың 656 үймен  Анталия иеледі.

2596 үймен Мерсин үшінші, 2295 үймен Анкара төртінші, 1532 үймен Бурса бесінші орынды алды.

1375 үймен  Ялова және 1054 үймен Сакария келесі орындарды иеледі.

Ресейліктердің Түркияға салған тұрғын үй инвестициясы осы мезгілде 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 199 пайызға артып, 9 мың 311 үйге жетті. Өткен жылдың осы кезеңінде ресейліктер 3 мың 115 үй сатып алған болатын.

Украиналықтар сатып алған тұрғын үй саны осы кезеңде 125 пайызға артып, 1775-ке көтерілсе, Германия азаматтары 2 мың 58, Кувейт 1318 және Америкалықтар 1032 тұрғын үй сатып алды.



Ұқсас жаңалықтар