Дайын киім экспорты еселеп артты

Түркияның дайын киім және тігін өнеркәсібі секторы биылғы жылдың алғашқы 8 айында 212 ел мен аймаққа экспорт жасады.

1882775
Дайын киім экспорты еселеп артты

Дайын киім және тігін өнеркәсібі саласы жылдың алғашқы 8 айында 14 миллиард 248 миллион долларлық экспортпен қаңтар-тамыз айындағы ең жоғары экспортты жүзеге асырды.

Түркия Экспортшылар одағының деректеріне қарағанда 2021 жылдың тамыз айында бір миллиард 736 миллион доллар экспорттаған дайын киім және тігін өнеркәсібі секторы осы жылдың сәйкес кезеңінде 6,1 пайыздық өсіммен 1 миллиард 842 миллион долларлық экспортқа қол жеткізді.

Дайын киім және тігін өнеркәсібі секторы 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10,9 пайыздық артумен 14 миллиард 248 миллион долларлық экспортты жүзеге асырды. 

Осылайша сектор қаңтар-тамыз айларындағы қазірге дейінгі ең жоғары экспортқа жетті.

Өткен ай секторда ең көп экспорт көлемін жасаған ел 314 миллион доллармен Германия болды.

Одан кейін 256 миллион доллармен Испания екінші, 181 миллион доллармен Ұлыбритания үшінші орынды иеледі.

Қаңтар-тамыз кезеңінде сектор Германияға 2,5 миллиард долларлық, Испанияға 1,8 миллиард долларлық және Ұлыбританияға 1,4 миллиард долларлық өнім экспорт етті.

Өткен айда 180 ел мен аймаққа өнім экспорттаған дайын киім және тігін өнеркәсібі секторы биылғы жылдың алғашқы 8 айында 212 ел мен аймаққа экспорт жасады.



Ұқсас жаңалықтар