Бал экспорты еселеп артты

АҚШ, Испания мен Германия ең көп бал экспорт етілген елдер болды.

1881703
Бал экспорты еселеп артты

Түркиядан қаңтар-тамыз кезеңінде өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бал экспорты 80 пайыз артып, 29 миллион 982 мың долларға жетті.

Шығыс Қаратеңіз Экспортшылар қауымдастығының төрағасы Сафет Калионжу Түркияның 8 айда 57 елге бал экспорттағанын айтты.

Осы мезгілде 11 мың 432 тонна бал экспортынан 29 миллион 982 мың 111 доллар кіріс кірді.

Сафет Калионжу АҚШ, Испания мен Германияның ең көп бал экспорт етілген елдер болғанын білдірді.

"АҚШ-қа 11 миллион 31 мың 296 долларлық, Испанияға 4 миллион 477 мың 118 және Германияға  4 миллион 66 мың 311 долларлық бал экспортталды" деді Калионжу.

Сафет Калионжу осы кезеңде бал Словения, Перу, Дания, Ливан, Йемен, Оңтүстік Африка Республикасы, Ирак, Венесуэла, Барбадос, Мавритания, Либерия, Бангладеш, Солтүстік Македония, Тайвань және Португалияға сатылғанын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар