Түркияның техника өндірісі экспорты артты

Техника экспорттаушылары қауымдастығы мәлімдеме жасады.

1869589
Түркияның техника өндірісі экспорты артты

Түркияның техника экспорты 7 айда өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 7,7 пайыз артып, 14,2 миллиард долларға жетті.

Техника экспорттаушылары қауымдастығының мәліметтеріне қарағанда Түркияның техника өндіру экспортының өсу процесі жалғасуда. Қаңтар-шілде айлары арасында техника өндірісі өнеркәсібі экспорты 14,2 миллиард долларға жетті. Экспорттың өсімі өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 7,7 пайыз болып жүзеге асты.

Түркияның техника өндірісі экспорты сандық тұрғыдан 1,6 пайыз артып, 2,2 миллион тоннаға жақындады. Ең көп техника экспорты жасаған Германия мен АҚШ-қа жасалған жалпы сауда көлемі 2,5 миллиард долларды құрады.

Түркиядан Ресейге техника экспорты өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 22,1 пайыз артып 518 миллион долларға жетсе, Италия, Ұлыбритания және Францияға экспорт 500 миллион доллардан асты.



Ұқсас жаңалықтар