Мосул әуежайын түріктер жөндейді

Мосул қаласындағы халықаралық әуежайды екі түрік компаниясы жөндейді.

1866369
Мосул әуежайын түріктер жөндейді

Ирактың Мосул қаласындағы халықаралық әуежайды екі түрік компаниясы жөндейді.

Мосул әкімі Нежим ел-Куббури баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Мосул әуежайының жөндеу жұмыстарының халықаралық тәжірибелі "TAV İnşaat ve 77 İnşaat" серіктестігіне берілгенін айтты.

Куббури бұрын ішкі рейстер үшін пайдаланылған Мосул әуежайының халықаралық әуежайға айналғанын, фирмалармен келісім-шартқа қол қойылғанын мәлімдеді.

Мосул әкімі жөндеу жұмыстарының жақын арада басталатынын және бұл әуежайдың Мосул мен бүкіл Ирактың әлемге шығатын қақпасы болатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар