Түркияның шай экспорты еселеп артты

Түркиядан қаңтар-шілде айларында Бельгия, Ұлыбритания және Германия ең көп шай экспортталған 3 ел болды.

1865483
Түркияның шай экспорты еселеп артты

Түркиядан қаңтар-шілде айларында шай экспорты 18 пайыз артып, 13 миллион 173 мың 736 долларға жетті.

Шығыс Қаратеңіз Экспортшылар қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары Ахмет Хамди Гүрдоған Түркияның биылғы жылдың алғашқы 7 айында 100 елге шай экспорттағанын айтты.

Гүрдоған 4 мың 94 тонна шай экспортынан 13 миллион 173 мың 736 доллар табыс түскенін білдірді.

Гүрдоған өткен жылдың ұқсас кезеңінде 2 мың 820 тонна шай экспорты есебінен 11 миллион 151 мың 971 доллар табыс кіргенін атап көрсетті.

"Шай экспорты өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сан жағынан 45 пайыз, құндық жағынан 18 пайыз өсті. Бельгия, Ұлыбритания және Германия ең көп шай экспортталған 3 ел болды. Бельгияға 3 миллион 206 мың 206, Ұлыбританияға 1 миллион 704 мың 697, Германияға 1 миллион 622 мың 582 долларлық шай сатылды» деді Ахмет Хамди Гүрдоған.

Экспорттың артуымен қатар экспорт жасалған елдер  де көбейгенін айтқан Гүрдоған биыл шайдың Венгрия, Камерун және Эстонияға да сатылғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар