Франция мен Руандада шектемелер алынып тасталды

Бұл туралы THY хабарлады.

1862686
Франция мен Руандада шектемелер алынып тасталды

Түрік Әуе жолдары (THY) Франция және Руандаға кірерде жүргізілген коронавирус шектемелерінің алынып тасталғанын хабарлады.

Авиакомпанияның әлеуметтік желідегі хабарландыруында осы елдерге жасалатын саяхаттарда барлық ковид шектемесінің алынып тасталғаны айтылып, «Франция мен Руандада жүргізілген ковид сақтық шаралары аяқталды.  Осы елдерге кірерде вакцина картын немесе PCR тестінің нәтижесін көрсету міндеттемесі алынып тасталды. Жақсы саяхат болсын!» деген сөздер қолданылды.



Ұқсас жаңалықтар