Газ бағасы рекорд деңгейде

Бүгін 210,25 еуродан ашылған табиғи газ бағасы 12 пайызға өсіп, наурыз айынан бері ең жоғары деңгейге жетті.

1860142
Газ бағасы рекорд деңгейде

Еуропадағы табиғи газдың бағасы мегаватт сағатына 223,85 еуроны құрап, рекордтық деңгейге жетті.

Ресейдің «Солтүстік ағын» табиғи газ құбыры арқылы Еуропаға жіберетін газ көлемін бүгіннен бастап 20 пайызға дейін төмендететінін жариялауы бағаның өсуіне әсер етті.

Еуропадағы тамыз айындағы газ келісімшартының бағасы кеше мегаватт/сағат үшін 199,91 еуромен жабылды.

Бүгін 210,25 еуродан ашылған табиғи газ бағасы 12 пайызға өсіп, наурыз айынан бері ең жоғары деңгейге жетті.

Газпром компаниясы дүйсенбі күні Ресей газын Германия арқылы Еуропаға тасымалдайтын желілердің бірі болып табылатын «Солтүстік ағын» табиғи газ құбыры үшін пайдаланылатын Портовая компрессорлық станциясындағы «Siemens» турбиналық қозғалтқышының техникалық себептермен тоқтатылғанын хабарлады. Сондықтан желі арқылы тасымалданатын табиғи газ көлемі азаятынын білдірген еді.

 

Екінші жағынан кеше Еуропалық Одаққа мүше елдер Ресейден келетін ағынның тоқтау мүмкіндігін ескере отырып, табиғи газды тұтынуды 15 пайызға азайтуға келісті.



Ұқсас жаңалықтар