Еуропа Одағы мүше елдерінің табиғи газда селбесуі маңызды

Урсула фон дер Ляйен биылғы қыста табиғи газ дағдарысы орын алған жағдайда барлық мүше мемлекеттер ынтымақ танытуы керектігін білдірді.

1859068
Еуропа Одағы мүше елдерінің табиғи газда селбесуі маңызды

Еуропа Одағы комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен биылғы қыста табиғи газ дағдарысы орын алған жағдайда барлық мүше мемлекеттер ынтымақ танытуы керектігін білдірді.

Фон дер Лейен неміс «DPA» ақпарат агенттігіне Ресейден табиғи газ ағыны үзілген жағдайда дайындаған жоспары туралы мәлімдеме жасады.

Фон дер Лейен Еуропалық Одақтың ішкі нарығында табиғи газ үзілуінің Ресей газды сатып алмайтын мүше мемлекеттерге де әсер ететінін түсіндірді.

Мүше елдердің экономикаларының бір-бірімен тығыз байланысты екенін атап көрсеткен Фон дер Лейен Германия сияқты елдегі газ дағдарысының басқа елдерге де кері әсер ететінін айтты.

Фон дер Лейен «Барлық мүше мемлекеттердің газға сұранысты азайтуы, көбірек газ сақтауы және бұл жағдайдан көбірек зардап шеккен мүшелермен бөлісуі маңызды» деп көрсетті.

Еурокомиссия өткен аптада Ресейден табиғи газ ағыны тоқтатылған жағдайда төтенше жағдайлар жоспары туралы ұсынысын жариялады.

Жоспарда мүше мемлекеттерден 2022 жылдың 1 тамызы мен 2023 жылдың 31 наурызы аралығында газға сұранысын 15 пайызға азайтуды сұраған.

Төтенше жағдайда 15 пайыздық қысқарту міндетті екені де жоспарға енгізілді.

Еуроодаққа мүше елдердің энергетика министрлері жоспарды талқылау үшін ертең Бельгияның астанасы Брюссельде бас қосады.



Ұқсас жаңалықтар