АҚШ Украинаға 1,7 миллиард долларлық көмек берді

Америка Құрама Штаттары Украинаға 1,7 миллиард доллар көлемінде жаңа бюджеттік көмек жасады.

1854841
АҚШ Украинаға  1,7 миллиард долларлық көмек берді

АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) Қаржы министрлігімен келісе отырып, Дүниежүзілік банк арқылы денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысын төлеуге Украина үкіметіне 1,7 миллиард доллар көлемінде бюджеттік көмек көрсетілгенін хабарлады.

Жазбаша мәлімдемеде «Президент Джо Байденнің Украина президенті Владимир Зеленскийге бюджеттік көмек көрсету туралы уәдесіне сәйкес, Халықаралық даму агенттігі АҚШ-тың Қаржы министрлігімен келісе отырып, Украина үкіметіне қосымша 1,7 миллиард доллар бюджеттік көмек көрсетті» делінді.



Ұқсас жаңалықтар