Сұйытылған газ бағасы өсті

Газ бағасы 128 еуроға көтерілді.

1844387
Сұйытылған газ бағасы өсті

Еуропада 9 маусымда 84 еуродан сатылған табиғи газдың мегаватт бағасы бүгін 52 пайыз артты.  Газ бағасы 128 еуроға көтерілді.

9 маусым күні Америка Құрама Штаттарының Техас штатындағы Freeport LNG терминалінде шыққан өртке байланысты база кемінде үш аптаға жабылатынын хабарлады. Бұл хабар газ бағасының артуына себеп болды.

Еуропа мен Азияға жолданатын сұйытылған газда маңызды орын алатын аталмыш база АҚШ-та өндірілген табиғи газдың 20 пайызын құрайды.

Айырықша Ресейдің Газпром компаниясы да техникалық ақауға байланысты «Солтүстік Ағын» құбыр желісінен Еуропаға газ жолдауды қысқартатынын хабарлаған еді. Газпром 14 маусым күнгі хабарламасында құбыр желісі арқылы жолданатын 167 миллион текшеметр газдың 100 миллион текшеметрге төмендетілгенін білдірген болатын.

Соңғы рет Газпромның Италияның энергия компаниясы ENI-ге қамдаған газды 15 пайызға қысқартатынын білдіруі де бағаның өсуіне жол ашты.



Ұқсас жаңалықтар