Газ тасымалдау төмендейді

Газпром «Солтүстік ағын» құбыры арқылы табиғи газ тасымалдау 40 пайызға төмендейтінін ескертті.

1843126
Газ тасымалдау төмендейді

Ресейдің Газпром энергетикалық компаниясы «Солтүстік ағын» құбыры арқылы табиғи газ тасымалдау техникалық ақауларға байланысты 40 пайызға төмендейтінін ескертті.

Газпромнан жасалған жазбаша мәлімдемеде неміс «Siemens» компаниясына техникалық қызмет көрсету үшін жіберілген газ компрессорларының кейбірінің әлі қайтарылмағанына назар аударылды. Сол себепті желіде тек үш газ компрессорын қолдануға болатындығы атап көрсетілген.

Мәлімдемеде «Солтүстік ағын» құбырына газ жеткізу енді тәулігіне жоспарланған 167 миллион текше метрдің орнына 100 миллион текше метрге дейін төмендеуі мүмкін» деп айтылды.

«Солтүстік ағын» Ямал-Еуропа құбыры мен Украинадағы құбырлар секілді Ресей газын Еуропаға тасымалдайтын маңызды желілердің бірі ретінде белгілі.

Компания бұдан бұрынғы  мәлімдемесінде Ямал-Еуропа желісі арқылы тасымалдау тоқтатылғанын, ал Украина арқылы жөнелтілімнің шамамен екі есеге азайғанын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар