Ең қымбат қалалар-Гонконг, Нью-Йорк және Женева

Ең қымбат қала тізімінде Ұлыбританияның  астанасы Лондон 4-ші, Жапония астанасы Токио 5-ші орынды иеледі.

1840522
Ең қымбат қалалар-Гонконг, Нью-Йорк және Женева

Америка Құрама Штаттарындағы (АҚШ) ең космополиттік қала Нью-Йорк шет елдерден барған және «экспат» деп аталатын қызметкерлер үшін Гонконгтан кейінгі әлемдегі ең қымбат қала болды.

Өмір сүру құны туралы деректер бойынша 50 жылдық тәжірибесі бар консалтингтік компания ECA International тізімінде өткен жылы 4-ші орында болған Нью-Йорк қаласы жалдау ақысы мен азық-түлік бағасының көтерілуіне орай шет елдерден барған қызметкерлер үшін әлемдегі ең қымбат екінші орынға көтерілгені жарияланды.

Компанияның халықаралық міндеттер атқарғандар үшін өмір сүрдегі жәрдемақы құнын есептеуге көмектесетін нарықты зерттеу фирмасы наурызда бір кесе кофеден жарты келі қызанаққа дейінгі әртүрлі өнімдердің құнын салыстыру арқылы шығарған деректерінде әлемдегі ең қымбат үш қала Гонконг, Нью-Йорк және Женева (Швейцария) болып анықталды.

Бағаландыруда мөлшермен 20 пайыз артқан жалдау ақысы себепті Ұлыбританияның  астанасы Лондон қаласы 4-ші, Жапония астанасы Токио 5-ші орынды иеледі.

Шетелдік қызметкерлер үшін Израильдің Тель-Авив қаласы 6-шы, Қытайдың Шанхай қалалары 8-ші және Гуанчжоу 9-шы ең қымбат тұратын аймақтар болып есептелді.



Ұқсас жаңалықтар