Үлкен кемелер Бодрумға келіп жатыр

Кемедегі туристер Пашатарласы, Кумбахче және Респубрика көшелерінде серуендеді және сауда жасады.

1840077
Үлкен кемелер Бодрумға келіп жатыр

Багам аралдарының жалауы бар «Seabourn Encore» және «Blue Sapphire» круиздік кемелері Мугланың Бодрум ауданына келді.

Бодрум круиз порты кемежайына келіп тоқтаған 180 метрлік «Seabourn Encore» кемесінде 206 жолаушы мен 407 кісілік экипаж бар.

Кемедегі көбі америкалық және ағылшын туристер Пашатарласы, Кумбахче және Респубрика көшелерінде серуендеді және сауда жасады.

Кемежайға келген екінші кеме Багам аралдарының жалауы бар 175 метрлік «Blue Sapphire» круиздік кемесі Анталия кемежайынан жолаушы алмай келді.

Кеменің 10 маусымда жолаушыларды Бодрумнан алған соң Грекияның Санторини портына баратыны және кемеде 409 қызметкер бар екені хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар