Түркияның балық ұны мен балық майы экспорты артты

Түркияның балық ұны мен балық майы экспортынан түсірген кіріс 22 миллион 193 мың 838 долларға ұласты.

1840434
Түркияның балық ұны мен балық майы экспорты артты

Түркияның қаңтар-мамыр маусымындағы балық ұны мен балық майы экспорты 71 пайыз артты. Балық ұны мен балық майы экспортынан түсірген кіріс 22 миллион 193 мың 838 долларға ұласты.

Шығыс Қаратеңіз экспортшылар одағы басқару алқасы мүшесі және Теңіз өнімдері секторы комитеті төрағасы Исмаил Кобия ең көп экспорттың Перу, Норвегия және Францияға жасалғанын айтты. Исмаил өткен жылдан өзгеше түрде бұл маусымда Йемен және Германияға да экспорт жасалғанын білдірді. 

Балық ұны мен балық майы саудасында Трабзонның алдыңғы қатарда екеніне назар аударған Кобия Тразбоннан Перу, Норвегия, Франция, Колумбия және Израильге 7 мың 478 тонна балық ұны мен балық майы экспорты жасалғанын, сондай-ақ  21 миллион 236 мың 367 доллар кіріс түсінгенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар