Джубаға ұшақ рейсі басталды

Түрік Әуе Жолдарының Оңтүстік Судан астанасы Джубаға жаңа ұшақ рейсімен бірге Африкаға сапар саны 62-ге жетті.

1836149
Джубаға ұшақ рейсі басталды

Түрік Әуе Жолдары Оңтүстік Судан астанасы Джубаға жаңа ұшақ рейсін бастады.

Түрік Әуе Жолдары баспасөз хатшылығының мәлімдемесінде компания ұшақ рейсі көлемін кеңейтуді жалғастырғаны білдірілді. 

Африканы әлемнің көптеген нүктелерімен байланыстыратын Түрік Әуе Жолдарының Оңтүстік Судан астанасы Джубаға жаңа ұшақ рейсімен бірге Африкаға сапар саны 62-ге көбейді. 

Танымал марка Boeing B737-8 типті ұшағымен басталған Джубаға сапарында дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері аптада үш рет ұшақ рейсі атқарылады.



Ұқсас жаңалықтар