Ризенің шай экспорты артты
Ризе биыл қаңтар-сәуір маусымында жасалған шай экспортынан 2 миллион 869 мың 310 доллар кіріс түсірді.
Шығыс Қаратеңіз Экспорттаушылар одағы төрағасының орынбасары Ахмет Хамди Гүрдоған Ризеден осы жылдың 4 айлық маусымында 19 елге шай экспорт етілгенін айтты.
Бұл маусымда 1045 тонна шай экспортынан 2 миллион 869 мың 310 доллар кіріс түсіргенін баяндаған Гүрдоған "Бельгия, Украина және Америка Құрама Штаттары ең көп шай сатылған елдер болды. Бельгияға 1 миллион 660 мың 323, Украинаға 297 мың 873 және АҚШ-қа 152 мың 978 долларлық шай экспорт етілді" деді.
Гүрдоған экспорт жасалған ел санының көбейгеніне назар аударып, 2022 жылының қаңтар-сәуір маусымында Біріккен Араб Әмірліктері, Канада, Сенегал, Өзбекстан, Молдова, Малта және Албанияға да шай экспорт етілгенін түсіндірді.
Ұқсас жаңалықтар
Түркияның бал экспорты артты
Шығыс Қаратеңіз аймағының балы қаңтар мен сәуір аралығында 9 елге сатылды.