Польша Ресейден газ алып жатыр
Сергей Куприянов: "Ямал-Еуропа құбыр желісі арқылы кері ағынмен Польшаға газ айдаудамыз" деді.
Ресейлік «Газпром» энергетикалық компаниясының өкілі Сергей Куприянов Польшаның бұдан былай ресейлік табиғи газға мұқтаж емес екені жайлы мәлімдемелер жасағанын айтып:
"Алайда бұл шындыққа үйлеспейді. Тікелей тасымал тоқтағаннан кейін Польша орыс газын Германия арқылы алуда" деді.
Бұл туралы ресейлік ТАСС ақпарат агенттігі хабарында Сергей Куприянов астана Мәскеудегі мәлімдемесінде Польшаның Ресейден газ тасымалы үшін рубль жүйесімен ақша төлеуді қабылдамағанын ескертті.
Сергей Куприянов:
"Ямал-Еуропа құбыр желісі арқылы кері ағынмен Польшаға газ айдаудамыз" деді.
Польшаның кері ағын жүйесімен күнде мөлшермен 30 миллион текше метр табиғи газ алғанын айтқан Сергей Куприянов аталмыш мөлшердің Газпром мен Польша арасындағы табиғи газ келісіміндегі өлшемге жақын екенін білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
Cтамбул әуежайы Еуропадағы ең көп жұмыс істейтін әуежай ретінде тіркелді
Cтамбул әуежайы 1434 рейспен Еуропадағы ең көп жұмыс істейтін әуежай ретінде анықталды.
Болат Еуроодақтың Түркиямен сауданы арттырғысы келетінін айтты
Сауда министрі Өмер Болат бас қала Анкарада Еуроодақ-Түркия қарым-қатынастарын бағалады.