Қаратеңіздің балық экспорты артты

28 елге хамса балығы саудасынан 8 миллион 267 мың 741 доллар кіріс кірді.

1814408
Қаратеңіздің балық экспорты артты

Түркиядан 2021-2022 жылғы ау маусымында жасалған хамса экспорты өткен жылғы ұқсас мезгілмен салыстырғанда 23 пайыздық артумен 8 миллион 267 мың 741 долларға жетті.

Шығыс Қаратеңіз Экспортшылар одағының санағына қарағанда 2021 жылы 1 қырүкйекте басталып, 2022 жылы 15 сәуірде аяқтаған су өнімдері ау маусымында 28 елге 1751 тонна хамса балығы экспорт етілді.

Осы саудадан 8 миллион 267 мың 741 доллар кіріс кірді.

Хамса балығы ең көп экспорт етілген елдер Франция, Бельгия және Германия болды.

Биыл Румыния, Оман, Катар, Сирия және Кенияға да хамса балығы сатылды.



Ұқсас жаңалықтар