EgyptAir Ливияға ұшақ рейсін бастады

Ұшақ рейсінің екі ел арасындағы сауда мен экономикалық байланыстарды дамытуды мақсат еткені білдірілді.

1814100
EgyptAir Ливияға ұшақ рейсін бастады

Мысыр әуе компаниясы EgyptAir астана Каирден Ливияның шығысындағы Бенгази қаласына 11 жылдан кейін тұңғыш ұшақ рейсін бастады.

Ливияда шығатын «Марсад» газетінің Твиттер желісіндегі хабарда EgyptAir Әкімшілік кеңесінің төрағасы Амр Абу әл-Эниен мәлімдемесі берілді.

Амр Абу әл-Эниен Ливияның көптеген қаласында Мысыр азаматтары тұратынын және EgyptAir әуе компаниясының осы елдегі ұйымдарға ерекше мән бергенін айтты.

EgyptAir Әкімшілік кеңесінің төрағасы Амр Абу әл-Эниен ұшақ рейсінің екі ел арасындағы сауда мен экономикалық байланыстарды дамытуды мақсат еткенін білдірді.

Мысыр әуе компаниясы EgyptAir 2011 жылы Ливияда басталған тұрақсыздық пен қақтығыстарданк ейін осы елге ұшақ рейстерін тоқтатуға шешім қабылдаған.



Ұқсас жаңалықтар