«Азура» кемесі Кушадасына келді

«Азура» кемесінің кемежайға тұңғыш рет келгені және маусымның  соңына дейін ауданға 4 мәрте тағы келетіні білдірілді.

1813467
«Азура» кемесі Кушадасына келді

Бермуд жалауы бар алып крейсер «Азура» көпшілігі Америка азаматы 2 мың 129 туристімен Айдынның Кушадасы ауданындағы кемежайға келіп тоқтады.

Эгей Прот кемежайына тұңғыш рет келген кемедегі туристер кемежайда халық билерімен күтіп алынды.

Жолаушылардың кейбіреулері турлармен Измирдің Селчук ауданындағы Эфес ежелгі қаласы мен Мәриям Ана үйін аралады. Турға қатыспаған туристер қала орталығын тамашалады.

Global Ports Холдингі Шығыс Жерорта теңізі порттарының аймақтық директоры Азиз Гүнгор мәлімдемесінде «Азура» кемесінің кемежайға тұңғыш рет келгенін және маусымның  соңына дейін ауданға 4 мәрте тағы келетінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар