Түркияның бал экспорты артты

Түркия осы жылдың алғашқы тоқсанында 42 елге бал экспорт етті.

1812962
Түркияның бал экспорты артты

Шығыс Қаратеңіз экспортшылар одағының санақтарына қарағанда Түркия 2022 жылы қаңтар-наурызда 42 елге 4 мың 421 тонна бал сатты. Бұл экспорттан да  11 миллион 302 мың 715 доллар кіріс түсірді. 

Түркияның осы жылдың алғашқы тоқсанындағы бал экспорты 2021 жылының бірдей мезгілімен салыстырғанда көлем жағынан 162 пайыз артты. 

Бал экспортында Америка Құрама Штаттары 3 миллион 154 мың 930 доллармен бірінші орынды иеледі. АҚШ-тан кейін ретімен 1 миллион 792 мың 468 доллармен Германия, 1 миллион 751 мың 938 доллармен Испания, 1 миллион 351 мың 171 доллармен Израиль және 379 мың 205 доллармен Польша орын алды. 



Ұқсас жаңалықтар