АҚШ Нигерияға миллиард долларлық қару сатады

АҚШ-тың Нигерияға AH-1Z Cobra шабуылдау тікұшақтарын қамтыған 997 миллион долларлық соғыс құралдарын сатуды мақұлдағаны білдірілді.

1812965
АҚШ Нигерияға миллиард долларлық қару сатады

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) қарулы қарақшылық топ мүшелері, террористік ұйым Боко Харам және ISWAP-пен күресте қолдану мақсатымен Нигерияға бір миллиард долларлық соғыс құралдарын сатуды мақұлдады. 

АҚШ Қорғаныс қауіпсіздік агенттігі тарапынан жасалған мәлімдемеде  АҚШ-тың Нигерияға AH-1Z Cobra шабуылдау тікұшақтарын қамтыған 997 миллион долларлық соғыс құралдарын сатуды мақұлдағаны білдірілді.

Сауданың ортақ қауіпсіздік нысаналарына пайдалы екені, аймақтық тұрақтылықты қамдайтыны, АҚШ пен батыс елдерінің ортақ жұмыстарын жету үшін Нигерияны қарумен қамдайтыны білдірілген мәлімдемеде АҚШ пен Нигерия ортақ қауіпсіздік нысаналарына есе қосатыны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде:

"Ұсыныс етілген сауда Сахараның оңтүстігіндегі Африкадағы стратегиялық серіктестің қауіпсіздігін қамдау арқылы АҚШ-тың сыртқы саясаты мен ұлттық қауіпсіздік нысанасын қолдайды" деп жазылды.

Нигерияда 2000 жылдан бері қақтығысты жалғастырған Боко Харам террор ұйымының  2009 жылдан бергі топтық күш қолдану оқиғаларында 20 мыңнан астам адам қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар