Мысыр мен Еуропа Одағы табиғи газ саласында келісті

Мысыр мен Еуропа Одағы табиғи газ саласындағы ынтымақтастықты күшейту үшін келісім жасады.

1810334
Мысыр мен Еуропа Одағы табиғи газ саласында келісті

Мысыр сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Мысыр Сыртқы істер министрі Самих Шукри ресми сапармен Каирге барған «Еуропалық жасыл келісіміне» жауапты Еуропа Комиссиясы төрағасының орынбасары Франс Тиммерманмен кездесті. 

Мысыр және Еуропа Комиссиясы тарапынан жарияланған ортақ хаттамада Ресей газына альтернатива табу аясында табиғи газ саласындағы ынтымақтастығымызды күшейту үшін келіскендері білдірілді. 

Хаттамада "Екі тарап сұйытылған табиғи газ және сутегі сұраныс саласындағы ынтымақтастығымызды арттыру, Еуропа, Африка және Шығанақ елдері арасындағы сутегі саудасы қамтылған Жерорта теңізі сутегі ортақтығын дамыту тақырыбында да келісті" делінді. 

 



Ұқсас жаңалықтар