Google-ға салынған 150 миллион еуро айыппұл бекітілді

Париждің апелляциялық соты Google-ға қатысты үкімді күшінде қалдырды.

1809156
Google-ға салынған 150 миллион еуро айыппұл бекітілді

Францияда сот Бәсекелестікті қорғау органы Google-ға салған 150 миллион еуро айыппұлды бекітті.

2019 жылы Францияның Бәсекелестік жөніндегі органы Google интернет-алпауытына іздеу жүйелерінде жарнама берушілер арасындағы бәсекелестікті бұзды деген негізбен салған 150 миллион еуро айыппұл ісі нақтыланды.

Париждің апелляциялық соты Google-ға қатысты үкімді күшінде қалдырды.

Компания жарнама берушілерге «ашық емес және түсініксіз» ережелерді таңу арқылы нарықтағы үстем жағдайын теріс пайдаланды деп айыпталды.

Шешімге байланысты Google компания ережелерін одан әрі нақтылау үшін кейбір өзгерістер жасалғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар