Ұлан-Батырдан Стамбулға алғашқы ұшақ келді

Моңғолия Әуе жолдары «Боинг 767-300» типті ұшағымен алғашқы сапарда 250 жолаушы Стамбулға келді.

1808303
Ұлан-Батырдан Стамбулға алғашқы ұшақ келді
mogolistan hava yollari.jpg
mogolistan hava yollari.jpg

Моңғолия Әуе жолдары (MIAT Mongolian Airlines) астана Ұлан-Батырдан Стамбулға алғашқы ұшақ рейсін бастады.

Моңғолия Әуе жолдары «Боинг 767-300» типті ұшағымен алғашқы сапарда 250 жолаушы Стамбулға келді.

Жолаушылар мен ұшақ рейсі эксипажы ұшақ қақпасында гүлдермен күтіп алынды.

Стамбул Әуежайының Сыртқы желідегі терминалында ұйымдастырылған рәсімде жолаушыларға Моңғолияның дәстүрлі дәмі болған құрт ұсынылды.

Моңғолияның Стамбулдағы Бас консулы Хишигсүрэн Шарав Түрік Әуе Жолдарының Ұлан-Батыр мен Стамбул арасындағы ұшақ рейсіне қосымша аптада бір мәрте Моңғолия Әуе жолдарының ұшақ рейсін ұйымдастыратынын айтты.

Хишигсүрэн Шарав:

"Маусым айынан бастап ұшақ рейсін аптада екі мәртеге шығаруды жоспарлаудамыз. Екі ел арасындағы ұшақ рейсі көбейген сайын сауда мен туризм де жанданады" деді.

Моңғолия Әуе жолдарының ұшақ рейсін бастауымен Стамбул әуежайынан жолаушы тасымалдаған әуе жолы компаниясының саны 64-ке көбейді. Жүк тасымалдаған ұшақ компаниялары да рейс ұйымдастырған Стамбул әуежайындағы рейс саны  79-ға жетті.



Ұқсас жаңалықтар