Түркия делегациясы АҚШ-қа барды

Жоғарғы лауазым иелері, парламент мүшелері және іскерлерден құралған Түркия делегациясы Америка Құрама Штаттарына барды.

1796176
Түркия делегациясы АҚШ-қа барды

Түркия мен АҚШ арасындағы 100 миллиард долларлық сауда көлемі нысанасы аясында Президенттік Коммуникация басқармасы және Түркия экспортшылар мәжілісінің ұйымдастыуымен АҚШ-қа барған Түркия делегациясы Вашингтонда кездесу өткізді. 

Алдымен АҚШ Сыртқы істер министрлігі лауазым иелерімен кездескен делегация екі ел қарым-қатынастары және сауда дипломатиясы тақырыптарын қолға алды. 

Түрік және Америка іскерлерімен кездесетін делегация АҚШ сауда министрлігі және Сауда палатасына барады. 

Делегация АҚШ пен Түркия арасындағы сауда қарым-қатынастарының арттырылуы тақырыбында пікір алмасады. Сонымен қатар америкалық және халықаралық журналисттермен де бас қосады. 

 



Ұқсас жаңалықтар