"Қаратеңіз табиғи газы Түркияның 30 жылдық энергия қажеттілігін қамтамасыз етеді"

Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез мәлімдеме жасады.

1791785
"Қаратеңіз табиғи газы Түркияның 30 жылдық энергия қажеттілігін қамтамасыз етеді"

Түркияның Қаратеңізде ашқан 540 миллиард текше метр табиғи газ резерві елдің 30 жылдық қажеттілігін қамтамасыз ететіндей үлкен екені білдірілді.

Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез жасаған мәлімдемеде Түркияның энергияда шетелге тәуелділігін азайту үшін бұрғылау жұмыстары, атом электр станциясы және жаңартылатын энергия көздері сияқты мүмкіндіктерді пайдаланғанын мәлімдеді.

Дөнмез «Өздеріңіз білетіндей, Қаратеңіз аймағында ел ретінде мақтан тұтатын жұмыстарды атқарып жатырмыз. 540 миллиард текше метр табиғи газ қорын аштық және бұл газды 2023 жылдың бірінші тоқсанында жүйеге қосамыз. Бұл газ қоры Түркияның 30 жылдық энергия қажеттілігін қамтамасыз ететіндей үлкен» деді.

Дөнмез Түркияның қазірдің өзінде 100 мың мегаватт орнатылған қуаты болғанын, оның 54 мың мегаваттының жаңартылатын энергия көздерінен екенін мәлімдеді.

Әлемнің бір энергия тығырығынан өтіп жатқанына назар аударған Дөнмез Түркияның электр энергиясы қажеттілігінің шамамен 55-60 пайызының жергілікті резервтерден қамтамасыз еткенін түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар