Санкция жасаған елдерге саяхат турын сатпауды ұсынды

Ростуризм туристік компанияларға Ресейге санкция салған елдерге саяхат турларын сатуды тоқтатуға кеңес берді.

1788480
Санкция жасаған елдерге саяхат турын сатпауды ұсынды

Ресей федералдық туризм агенттігі (Ростуризм) туристік компанияларға Ресейге санкция салған елдерге саяхат турларын сатуды тоқтатуға кеңес берді.

Ростуризм жасаған мәлімдемеде туристік және іскерлік мақсатпен шетелге шығуды жоспарлаған Ресей азаматтарына Ресейге санкция немесе шектеу енгізген елдерге бармау ұсынылды. Мәлімдемеде басқа елдерге, соның ішінде Түркияға саяхат жасау ұсынылады.

Мәлімдемеде «Біз ресейлік операторларға арасында Кариб елдері бар  Ресейге санкция салған елдерге тур сатуды тоқтатуға кеңес береміз» деп айтылды.

Украинаға жасалған шабуылға байланысты 40-қа жуық ел Ресейге әуе кеңістігін жапты, Ресей де өз әуе кеңістігін бұл қимылға жауап ретінде жауып тастады.

 

 



Ұқсас жаңалықтар