Түрік Әуе Жолдары Еуропа бақылауынан өтті

Түрік Әуе Жолдары Еуропаның ең табысты әуежолы компаниялары арасында орын алды.

1780556
Түрік Әуе Жолдары Еуропа бақылауынан өтті

Түрік Әуе Жолдары Еуропа Азаматтық Авиациялық қауіпсіздік агенттігі (EASA) атқарған SAFA (Шетелдік әуе көліктерінің қауіпсіздігін бақылау) бағдарламасы аясындағы бақылауларда Еуропаның ең табысты әуежолы компаниясының арасында орын иеледі.

Түрік Әуе Жолдары SAFA (Шетелдік әуе көліктерінің қауіпсіздігін бақылау) бағдарламасы бақылауын Еуропадағы 57 әуежолында 38 азаматтық авиация басшылары тарапынан 74 бақылаудан өткен байрак тасушы бақылауларды 0.054 ұпайлық мінсіз өлшем арқылы табыспен аяқтады.

Бақылаудағы нәтижелерге байланысты Түрік Әуе Жолдарының Бас директоры Билал Екши:

"Әлемдегі 128 елден жүзмыңдаған адам жақындарымен бас қосу үшін шыққан сапарларында Түрік Әуе Жолдарына сенуде. Біз осы сеніммен саяхаттың барлық саласында қонақтарымызға  мінсіз қызмет беруге талпынудамыз. Осы еңбектің жемісі ретінде SAFA (Шетелдік әуе көліктерінің қауіпсіздігін бақылау) бағдарламасының 2021 жылғы бақылауын Еуропа орташасынан жоғары өреде аяқтадық және сенімді әуежолы екенімізді тағы бір мәрте дәлелдедік. Жолаушыларымыздың саяхатын жайлы және сенімді өткізуін жоғары өреге көтеру талпынысымызды жалғастырамыз" деді.



Ұқсас жаңалықтар