Авиакомпания басшысы "шекараны ашыңдар" деді

Тони Фернандес үкіметтерді коронавирус індеті алдында батыл болуға шақырды.

1780978
Авиакомпания басшысы "шекараны ашыңдар" деді

Азия құрлығының ірі авиакомпанияларының бірі AirAsia-ның құрушысы Тони Фернандес үкіметтерді коронавирус індеті алдында батыл болуға шақырды.

BBC-дің хабарына қарағанда AirAsia компаниясының құрушысы Фернандес Сингапурдағы авиация көрмесінде саясат қайраткерлерін батыл болуға шақырды.  «Терең тыныс алып, ақиқаттарды қайтадан қарап шығатын уақыт келгенін білдірген Фернандес ковид-19-дың Омикрон штамы қоғамның көбіне тарағандықтан шекараны жабық ұстауды мағынасыз екенін айтты.  Ол «Енді адамдардың күн көріс көзі мен экономикаларды ойлауымыз керек» деді.

Ол қалыпты өмірге өтудің уақыты келгенін айтты.

Көптеген авиакомпания секілді AirAsia да 2020 жылы көп шығынға ұшырады.

2021 жылы саяхат ережелері жеңілдеп, Еуропа мен Солтүстік Америка авиакомпаниялары қайтадан табыс таба бастаған кезде Азиядағы компаниялар одан сайын зиян шекті.

Халықаралық Әуе тасымалы одағы IATA Азия-Тынық мұхиттың 2021 жылдың аяғында әуежолы қатынасында жағдайы жақсармаған жалғыз аймақ екенін хабарлаған болатын. Азия авиакомпанияларының зиян шегуінің себебі ретінде Қытай мен Жапония секілді ірі елдердің шекараларын әлі күнге шетелдіктерге жауып отырғаны көрсетіледі.



Ұқсас жаңалықтар