Ирак Түркиядан электр қуатын алады

Ирак көптеген жылдардан бері электр қуатының жетіспеушілігімен күресіп келеді.

1776425
Ирак Түркиядан электр қуатын алады

Ирактың Электр энергетикасы министрі болып қызмет ететін Әділ Керим елдегі электр қуатының созылмалы үзілу мәселесін шешу үшін жақын арада Түркиядан 500 мегаватт электр қуатын алатындарын айтты.

Әділ Керим Ирактың ресми телеарнасында бір бағдарламаға қатысып, электр қуатының үзілуі туралы мәлімдеме жасады.

Жеткілікті электр қуатын қамтамасыз ету үшін Катардан газ сатып алу үшін келіссөздер жүргізіп жатқандарын білдірген Керим Сауд Арабиясымен де энергия келісіміне қол қойғандарын еске салды.

Иорданиямен электр ағыны желісінің бір жыл ішінде аяқталатынын атап өткен Керим электр қызметіндегі кемшіліктерді жою үшін Түркиядан да қолдау алатындарын айтты.

«Жақында Түркиядан 500 мегаватт электр қуатын импорттаймыз» деді ол.

Ирак көптеген жылдардан бері электр қуатының жетіспеушілігімен күресіп келеді.

Елдің көптеген аймақтарында тәулігіне орташа есеппен 3-5 сағаттық электр беріліп отыр.

Көптеген жылдар бойы ирактықтар электр қуатын ауданға орналастырылған генераторлардан ақылы және шектеулі мөлшерде алып отыр. Бұл генераторлар елдегі қоршаған ортаның ластануын, ауру-сырқауларды арттыратыны белгілі.



Ұқсас жаңалықтар